«Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Жерлерді резервте қалдыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабының 1-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру жағдайларынан басқа, жерлерді резервте қалдыру тәртібін айқындайды. 2. Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 5-3) тармақшасына, 17-бабы 4-1) тармақшасына және 18-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес жерлерді резервте қалдыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ал аудан шекаралары шегінде – аудандардың (қалалардағы аудандардан басқа) жергілікті атқарушы органдары, қала шекарасы (шегі) шегінде және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының әкімшілік бағынысына берілген аумақта – облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|