Осы редакция 2016 жылғы 29 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығына 1-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) негізінде министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Министрліктің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық); 3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді электронды тіркеу жағдайы портал арқылы автоматты түрде «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына түскен хабарламаның негізінде жүзеге асырылады. Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар болған жағдайда портал арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|