|
«Көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17797 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді барлауға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты құрлықтағы көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы; 3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты құрлықтағы көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|