Осы редакция 2016 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 2-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы; 2) Екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы мәліметтерді қамтитын кепіл туралы шартты немесе өзге шартты жеке немесе заңды тұлғалармен жасасқан жағдайда «Екінші деңгейдегі банктер» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - ЕДБ АЖ) өзара іс-қимыл арқылы (бұдан әрі - электрондық тіркеу) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|