ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.05.08. № 288 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 159 бұйрығымен күші жойылды
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезiнде Мемкомиссияға құжаттар тапсырған күннен бастап - бiр жылға дейiн; мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезінде танаптық тәжірибелер жүргізген күннен бастап: дәнді, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөніс, бақша дақылдары, гүлді-сәндік дақылдар және картоп бойынша - 3 жылға дейін; азықтық дақылдар бойынша - 6 жылға дейін; жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім бойынша - 12 жылға дейін; 2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|