Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 471 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 124 шешімі

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 471 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 124 шешімі

 

Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың 2020 жылғы 17 қаңтардағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 471 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына сәйкес, Қарабалық ауданның мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін:

мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауыл және ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

2) 10-15 мың халыққа дейін – жиналыстың 11-15 мүшесі.

3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.»;

4, 5, 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

ауыл, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг