|
|
|
Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы) Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 22 Қаулысы
Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 25 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38, 104-баптарының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2021 жылғы 20 қыркүйектегі «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» № 21 Қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) преамбула толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі «Ashyq» жобасын енгізу туралы» № 44 Қаулысына»; 2) 2-тармақтың 1) тармақшасы төмендегі редакцияда жазылсын: «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметі ҚР БМСД № 44 Қаулысына сәйкес, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып». 2. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |