Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 7-қосымша
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
1. Оқу бағдарламасының паспорты
6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топ мамандықтары бойынша денсаулық сақтау магистрларын және медицина ғылымдарының магистрларын даярлаудың үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) медициналық және фармацевтикалық білім беру және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу секторы үшін мамандарды іргелі білім беру, әдістемелік және зерттеу даярлығын болжайды. Денсаулық сақтау магистрларының және медицина ғылымдарының магистрларының негізгі міндеттері: мамандарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) саласы үшін ғылымның сәйкес бағыты бойынша толық және сапалы білім беру, кәсіптік құзыреттілік, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету есебінен білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу әлемнің ғылыми көрінісін тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін анағұрлым маңызды және тұрақты білімді магистранттың меңгеруі; білім алушылардың олардың белсенді өмірінің барлықкезеңінде өзін жетілдіруге және өзін дамыту қабілетін, жаңа білімдерді өзі шығармашылықпен меңгеру қажеттілігі мен дағдыларын әзірлеу; жоғары деңгейлі кәсіби мәдениетті мамандарды, соның ішінде азаматтық позициясы бар, заманауи ғылыми және практикалық проблема мамандарды даярлау; магистранттарды қазіргі дамушы әлемде оларға кәсіби мобильділікке кепілдік беретін ғылым өрлеуіндегі ілгері біліммен қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгеру, докторантурадағы ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қажетті дағдыларды алу; ЖОО-лардың педагогика және психология саласында білімнің қажетті ең төменын алу және ЖОО-ларда оқыту тәжірибесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|