|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
19.04.2023 Налоговая задолженность ИП и юридических лиц: могут ли арестовать счет?
Могут ли налоговики за неуплату налоговой задолженности приостановить расходные операции по банковским счетам и кассе? В каких случаях применяются такие меры, рассказали в Комитете государственных доходов МФ РК. Статьей 19 Налогового кодекса предусмотрено, что органы государственных доходов обязаны применять способы обеспечения исполнения налогового обязательства и взыскивать налоговую задолженность налогоплательщика в принудительном порядке. При этом до начала применения способов обеспечения исполнения не выполненного в срок налогового обязательства налогоплательщику направляется уведомление о погашении налоговой задолженности. В случае неисполнения вышеуказанного уведомления органом государственных доходов производится приостановление расходных операции по банковским счетам и кассе налогоплательщика, отнесенным в соответствии с системой управления рисками к категории: высокого уровня риска, - по истечении одного рабочего дня со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности; среднего уровня риска, - по истечении десяти рабочих дней со дня вручения уведомления о погашении налоговой задолженности. Следует отметить, что распоряжения органа государственных доходов о приостановлении расходных операций по банковским счетам и кассе (далее - РПРО) плательщика отменяются органом государственных доходов, вынесшим такие распоряжения, не позднее одного рабочего дня, следующего за днем погашения налоговой задолженности. При этом формирование и отправка отзывов РПРО по банковским счетам и кассе производятся в автоматическом режиме в информационной системе «Интегрированная налоговая информационная система Республики Казахстан» с учетом данных лицевых счетов, которые ведутся в информационной системе «Централизованный унифицированный лицевой счет». Вышеуказанный порядок взыскания налоговой задолженности применяется только в отношении ИП и юридических лиц.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық қарыздары: шот бұғаттала ма?
Салық қарызын төлемегендердің банктік шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын салықшылар тоқтата алады ма? Бұл шаралар қандай жағдайда қолданылатынын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде түсіндірді. Салық кодексінің 19-бабында мемлекеттік кірістер органы салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға міндетті екендігі көзделген. Бұл ретте мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін салық төлеушіге салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Бұл хабарлама орындалмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай санатқа жатқызылған: тәуекелдің жоғары деңгейі, - салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң; тәуекелдің орташа деңгейі, - салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң салық төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді шығарған мемлекеттік кірістер органы салық берешегі өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей банктік шоттар мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды. Бұл ретте банктік шоттар мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қалыптастыру және жіберу «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде жүргізілетін дербес шоттардың деректерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жүргізіледі. Салық қарыздарын өндірудің аталған шаралары тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты ғана қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |