«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерiн бекiту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 59 Қаулысымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 227 қаулысына (2016 жылғы 21 шілдеде «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - бекітілген жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі - бұйрық) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|