Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте: 4-тармақтың 8) тармақшасындағы «Техникалық регламентке 2-қосымшаның тізбесіне сәйкес» деген сөздер алып тасталсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Автокөлік құралдарының Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысымен белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификаттарымен куәландырылады.»; үшінші абзацтағы «2011» деген сандар «2014» деген сандармен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы «2014» деген сандар «2016» деген сандармен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының Еуро-2 экологиялық кезеңінің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.»; 2) «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Автокөлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі: автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге уәкілетті лауазымды адамдардың тікелей жолдар мен көшелерде бақылау-диагностикалау жабдығын қолдана отырып, автокөлік құралдарының кезеңдік техникалық байқауы кезінде; айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының сәйкестігін растау кезінде сынақтар жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі:»; 4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сәйкестікті растау 11. Қазақстан Республикасының аумағына айналымға шығарылатын автокөлік құралдарында пайдаланылған газды бейтараптандырудың жүйесі болуы тиіс және сәйкестік сертификаттарын беру жолымен олардың сәйкестігі расталуға жатады. Автокөлік құралдарының сәйкестігін растауды сәйкестікті растау жөніндегі орган жүзеге асырады. 12. Пайдалану мерзімі 1 жылдан аз және 10 мың км-ге дейін жол жүрген, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектеріне арналған біркелкі техникалық ұйғарымды қабылдау туралы және осы ұйғарымдар негізінде берілетін ресми бекітілімдерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды растайтын құжаты бар автокөлік құралдары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Пайдалану мерзімі 1 жылдан аз және 10 мың км-ге дейін жол жүрген үлгіні мақұлдау туралы құжаты жоқ және бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарына «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып, сәйкестікті растауға рұқсат етіледі және пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша сынақтар өткізіле отырып, «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 7-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Техникалық регламентке 4-қосымшада шығарылған жері көзделмеген автокөлік құралдары үшін Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау 7-схеманы қолдана отырып, міндетті түрде пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесі болған кезде жүзеге асырылады. Автокөлік құралының шығарылған елін айқындауды өтінім беруші ұсынған VIN-код бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган жүзеге асырады. Пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша сынақтар осы Техникалық регламенттің 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 13. Осы Техникалық регламенттің 4-тарауында айқындалған сертификаттау схемаларын қолдана отырып сәйкестікті растау «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.»; 3) «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат): 32-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) автокөлік құралдары үшін - үлгіні мақұлдауды растайтын құжаттар.»; Техникалық регламентке 1-қосымшада: Сертификаттау схемаларын қолдануда: 8-тармақтың үшінші абзацы «өнімдерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ автокөлік құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|