|
«Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.»; 8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;»; 9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Кодекстің 41-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|