Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 7 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде № 12055 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі - қызмет көрсетуші). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерді қабылдау және оның нәтижесін беру жүзеге асырылады: 1) «азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (толықтай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақысыз көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет алушы). Басқа жеке тұлғаға қатысты мәлімет алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - үшінші тұлға) тек электронды нысанда портал арқылы, мәлімет сұратылған тұлғаның келісімі болған жағдайда көрсетіледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - Стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру (бұдан әрі - анықтама), Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|