«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі №522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19067 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгілік нысаны.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шартының үлгі нысанында: 4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын; 5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларымен, сондай-ақ бейінді емес және қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалармен қосалқы жалдау шарттарын жасасуға;»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|