Осы редакция 2017 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.03.08. № 3/356 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен
бекітілді
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.03.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық жағдай актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті нәтижесін ұсыну баламалы түрде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде беріледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қағаз жеткізгіште азаматтық хал актісінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 7 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін түрде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы