Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 136 Қаулысымен күші жойылды
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 314 қаулысымен
бекітілген
«Дәрігердің қабылдауына жазылу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушісі медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілітін қызметті беруші) болып табылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды алдын-ала жазу журналында жазылу және дәрігердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - жеке кабинетінде электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама.
Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта медициналық көмек көрсетіледі.
Тікелей немесе телефон байланысы арқылы, сондай-ақ порталда электрондық форматта жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдағанда көрсетілетін қызметті алушыға кестеге сәйкес дәрігердің бос уақытын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.