ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.31.10. № 947 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 8-қосымша
«Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік қызмет стандарты (2016.31.10. берілген өзгерістермен)
«Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру: 1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Сараптама ұйымы); 3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 18 (он сегіз) ай ішінде. Өтінім берушінің өтінішхаты негізінде сараптама ұйымы мәліметтерді мерзімінен бұрын жариялайды. Мерзім: көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мөлшерде өтінім бергені үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда төрт айдан аспайтын мерзімге; көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезде бірінші өтінім көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында алты айдан аспайтын мерзімге; көрсетілетін қызметті алушы мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|