Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы КЕЛІСІМ (Ар-Рияд қ., 2023 ж. 19 желтоқсан)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 152 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттары иелерінің келуін, кетуін, және жүріп-тұруын жеңілдету арқылы өздерінің достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниет білдіре отырып Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Келісімнің ережелері паспорттардың мынадай түрлеріне қолданылады: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: дипломатиялық паспорт; қызметтік паспорт. Сауд Арабиясы Корольдігінің азаматтары үшін: дипломатиялық паспорт; арнайы паспорт.
Әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары - жарамды дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелері жарамды дипломатиялық немесе қызметтік/арнайы паспортын көрсету арқылы күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күнді құрайтын әр кезең ішінде барлығы күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге екінші Тарап мемлекетінің аумағына бірнеше рет кіру үшін визалық талаптардан босатылады.
3-бап Дипломатиялық өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің қызметкерлері 1. Осы Келісім екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің жарамды дипломатиялық паспорттары бар мүшелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдаушы Тараптың аккредиттеуі үшін олардың келуіне дейін виза алу қажеттігінен босатпайды. 2. Осы Келісімде ештеңе 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясында қамтылған құқықтар мен міндеттерге қайшы келмеуге тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|