ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.23.11. № 1550 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 8-қосымша
«Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері арқылы; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 Тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi: 1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi): 2) Көрсетілетін қызметті алу үшін ең ұзақ күту уақыты - 20 минуттан аспайды; 3) Қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|