|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет
1-бап. «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 20 194 797 994 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 12 674 497 409 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 1 443 392 658 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 6 130 221 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 6 070 777 706 мың теңге; 2) шығындар - 23 478 302 653 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 337 477 575 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 591 804 497 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 254 326 922 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 49 929 694 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 49 929 694 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -3 670 911 928 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,7 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -10 638 834 829 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 7,9 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 670 911 928 мың теңге.»; «8-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 3 600 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»; 2) 14-баптың бірінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;»; 10) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын: «11-1) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге; 11-2) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақыларына (жарналарына);»; «16-1) мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;»; 3) 19 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған резерві 567 301 402 мың теңге сомасында бекітілсін.»; «22-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 2024 жылы 1 300 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»; 4) көрсетілген Заңға 1, 4 және 7-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 13 желтоқсан № 143-VІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |