Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына 6-қосымша
«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтің көрсету ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет). 2. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). 3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі. 4. Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада оның берілген жылы, айы, күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, есептік тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күні, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы мен орналасқан жері, филиалды (өкiлдiктi) құрған заңды тұлғаның атауы туралы мәлiметтер қамтылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|