Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-59 «Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-59 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25 829 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 869 385 485 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсiмдер бойынша 151 420 531 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша 5 435 172 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 29 138 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша 712 500 644 мың теңге; 2) шығындар 886 029 350 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу 15 530 343 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 28 585 075 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 13 054 732 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 1 102 331 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу 1 102 331 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 33 276 539 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 33 276 539 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі 26 642 766 мың теңге; қарыздарды өтеу 16 286 592 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 22 920 365 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Корпоративтік табыс салығы» коды бойынша түсімдер Іле ауданы және Қапшағай қаласы бойынша 50% мөлшерінде облыстық бюджетке, басқа аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша 100% мөлшерінде аудандық және облыстық маңызы бар қалалық бюджетке түсетіні белгіленсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|