Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін: 1) «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2043 жылға дейінгі кезеңге «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан. АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 3987,39 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 6 қосалқы аймақ: ауданы 861,75 гектар тарихи орталық, ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар, 35 гектар және 180 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай кіреді. 2. АЭА: 1) Түркістан қаласын жеделдете дамыту; 2) Түркістан қаласының туристік әлеуетін жоғарылату және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы мен қазақстандық және шетелдік келуші туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту; 3) туристерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру; 4) қатысушылар арасындағы өзара сенім мен достық қарым-қатынасты нығайту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|