Осы редакция 2019 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016.16.06. № 164 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 338 қаулысына 2-қосымша
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.16.06. берілген өзгерістермен)
1. «Ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Басқарма, көрсетілетін қызметті беруші) және облыстық маңызы бар аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі- Бөлім, көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|