Осы редакция 2019 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2017.21.06. № 766 бұйрығымен 11-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
11-қосымша
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
ҚР Әділет министрінің 2017.27.12. № 1640 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
көрсетілетін қызметті беруші;
қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Әділет министрінің 2017.27.12. № 1640 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: