|
|
|
03.12.2021 Казахстан переходит на новую версию Гармонизированной системы описания и кодирования товаров
Этому предшествовала объемная пятилетняя работа, в результате которой пересмотрена номенклатура товаров. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов МФ РК. 1 января 2022 года вступает в силу седьмое издание Гармонизированной системы описания и кодирования товаров, которая является международной основой единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (ТН ВЭД ЕАЭС). Издание Гармонизированной системы 2022 года – это результат очередного пятилетнего цикла всестороннего пересмотра номенклатуры, проводимого Всемирной таможенной организацией (ВТамО) на постоянной основе. По информации ВТамО, новое издание системы содержит более 350 серий поправок, обусловленных изменениями характера и структуры мировой торговли, социальными и экологическими вопросами глобального характера. Евразийской экономической комиссией на протяжении 2020 – 2021 годов активно осуществлялась работа по приведению единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности и Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в соответствие с международной основой. «При этом ставки ввозных таможенных пошлин в новой редакции Единого таможенного тарифа ЕАЭС, которая начнет применяться с 1 января будущего года, сохранены на действующем уровне и в полной мере учитывают тарифные обязательства в рамках Всемирной торговой организации», - сообщили в КГД.
Қазақстан тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жаңа жүйесіне көшеді
Ол үшін ауқымды бес жылдық жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде тауарлар номенклатурасы қайта қаралған болатын. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 2022 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) халықаралық негізі болып табылатын тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің жетінші басылымы күшіне енеді. 2022 жылғы үйлестірілген жүйесінің басылымы - бұл Дүниежүзілік кеден ұйымы тұрақты негізде жүргізетін номенклатураны жан-жақты қайта қараудың кезекті бесжылдық циклінің нәтижесі. ДКҰ мәліметінше, жүйенің жаңа басылымында әлемдік сауданың сипаты мен құрылымының өзгеруіне, жаһандық сипаттағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерге байланысты 350-ден астам түзетулер бар. Еуразиялық экономикалық комиссия 2020 - 2021 жылдар ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Бірыңғай кедендік тарифін халықаралық негізге сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты белсенді жүзеге асырды. «Бұл ретте келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыла бастайтын ЕАЭО бірыңғай тауар номенклатурасының жаңа редакциясындағы кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданыстағы деңгейде сақталды және Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерді толық көлемде ескереді», - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |