Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 шешімімен күші жойылды
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5541 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешіммен айқындалған Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде: 1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|