|
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрыққа 2-қосымша
Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді. 2. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын қадағалау міндеттері: 1) адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру; 2) заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою болып табылады. 3. Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында прокурор: 1) заңдылықтың жай-күйін талдайды; 2) заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізеді; 3) күшіне енген актілерді бағалайды; 4) жолданымдарды Конституциялық заңның 24-бабында және Бас Прокурордың актілерінде көзделген тәртіппен қарайды.
2-тарау. Қадағалау қызметін ұйымдастыру
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|