«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 (26973-26975) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қағидалар: 1) мәмілелерді куәландыру; 2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру; 3) келісулерді куәландыру; 4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру; 5) неке шарттарын куәландыру; 6) алимент төлеу туралы келісімін куәландыру; 7) өсиеттерді куәландыру; 8) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау; 9) сенімхаттарды куәландыру; 10) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру; 11) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау; 12) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру; 13) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру; 14) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру; 15) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру; 16) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру; 17) фактілерді куәландыру; 18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру; 19) ақшаларды депозитке қабылдау; 20) вексельдер наразылықтарын жасау; 21) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау; 22) теңіз наразылықтарын жасау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|