Осы редакция 2016 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысымен бекітілді
«ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) қызметті берушінің кеңсесі; 2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО); 3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электронды түрде. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгіну кезінде: мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - ІІ санаттағы объектілер үшін 1 (бір) айдан, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|