Осы редакция 2015 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына 2-қосымша
Пайдалы модельге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және пайдалы модельге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртібін белгілейді. 2. Осы Ережеде келесідей ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті; 2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым; 3) өтінім - пайдалы модельге патент беруге өтінім; 4) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім; 5) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент коорперациясы (РСТ) шартына сәйкес берілген өтінім 6) еуразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразия патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім.
3. Пайдалы модельге өтінім беруге автор және жұмыс беруші, олардың заңды мұрагерлері немесе олардың арасындағы келісім бар болған жағдайда бірге аталған адамдар (бұдан әрі - өтінім беруші) құқылы. 4. Пайдалы модельдің авторы - творчестволық еңбекпен жасаған жеке тұлға мына жағдайларда: егер пайдалы модель оның еңбек міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты тапсырмаға байланысты емес жасалса; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|