ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.»; ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|