«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтарда № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында: 6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6-1. Әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ІІМ-нің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес) азаматтар қабылдау жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) аумақтық бөлінісі, ІІМ-нің әскери оқу орны басшысының немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|