|
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде: 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «30) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын: «30-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және аттестаттауды жүзеге асырады;»; 32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «32) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын: «33-1) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органымен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен келісу бойынша әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;»; 34) тармақша алып тасталсын; 35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «35) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекітеді;»; 38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|