Осы редакция 2016 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/495 қаулысымен бекітілді
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің өтінішін қабылдау және нәтижесін беру: 1) оралман мәртебесін алуға алғаш рет жүгінген жағдайда - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны әрбір құрылымдық бөлімшелердің тұрғысында орындаудың ұзақтығы: 1) кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады - 30 минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|