Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын республикалық маңызы бар Осы редакция 2015 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын қайта жаңа арналған бюджет қаражатын үнемдеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды қаласының шекарасы шегiндегi ұзақтығы 35 км қашықтық республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы "М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" автомобиль жолының құрамына енгiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қарағанды облысының өкімімен бiрлесiп үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзiмде учаскенi қабылдау-тапсыруды қамтамасыз етсiн. 3. "Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жіктеу ережесін және тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде: "М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" деген жолдағы "2045" деген сан "2080" деген санмен ауыстырылсын; "Жиыны" деген жолдағы "23011" деген сан "23046" деген санмен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|