Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2024.16.11. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН: 1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.31.10. № 505-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында: 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|