«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 154-156 (26973-26975)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қағидалар: 1) мәмілелерді куәландыру; 2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру; 3) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру; 4) неке шарттарын куәландыру; 5) өсиеттерді куәландыру; 6) сенімхаттарды куәландыру; 7) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру; 8) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау; 9) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру; 10) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру; 11) мүлікті иеліктен шығаруға тыйым салу және оны шешу; 12) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру; 13) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру; 14) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру; 15) фактілерді куәландыру; 16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру; 17) ақшаларды депозитке қабылдау; 18) вексельдер наразылықтарын жасау; 19) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|