ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.14.04. № 409 бұйрығымен 105 - 106-қосымшаларымен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 105-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39-бұйрығына 106-қосымша
«Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі (421.00-нысаны)» салық есептілігін жасау қағидалары
1. Осы «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі (421.00-нысаны)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және құрылымдық бөлімшесі немесе салық салуға байланысты объектілері бар акциз төлеушілердің Салық кодексінің 11-бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объектілер жүзеге асырған операциялар бойынша спиртке, алкоголь өнімдеріне, бензинге (авиациялықтан басқа), дизель отынына акциз сомаларын есептеуге арналған «Акциз есебі» салық есептілігінің (бұдан әрі - есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды. 2. Есеп өзінен және салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған есептен (421.00-нысан) оған қосымшалардан (421.01-ден бастап 421.04 аралығындағы нысандар) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Есепке қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін есептегі жолдар толтырылған кезде міндетті түрде жасалады. 6. Есепке қосымшаларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған кезде олар жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|