|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 - 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2025 жыл - 2 000 000 000 мың теңге; 2026 жыл - 2 000 000 000 мың теңге; 2027 жыл - 2 000 000 000 мың теңге. 2-бап. Кесімді баға мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2025 - 2027 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін: 2025 жыл - бір баррель үшін 42,3 АҚШ доллары; 2026 жыл - бір баррель үшін 41,0 АҚШ доллары; 2027 жыл - бір баррель үшін 39,4 АҚШ доллары. 3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 - 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 4 желтоқсан № 140-VIII ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |