Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен күші жойылды
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есепті тіркеу»
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге қатысты және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге қатысты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) Мемлекеттік корпорацияға: қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|