«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта: 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Келісімшартта көзделген ережелерді сақтаған кезде, жер қойнауын пайдаланушы: 1) кәсіпкерлік мақсатта бөлінген жер қойнауы учаскесі шегінде жер қойнауын өтеулі негізде пайдалануға; 2) өз қалауынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде өндірілген көмірсутектерді пайдалануға, егер Кодексте немесе Келісімшартта басқасы көзделмесе; 3) жер қойнауы учаскесінің аумағында, ал қажет болғанда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен ұсынылған басқа жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттардың негізінде жер қойнауы учаскесіндегі әрі оның шегінен тыс жердегі баршаға ортақ объектілерді және коммуникацияларды пайдалануға; 4) Келісімшарт бойынша операторды тағайындауға; 5) Кодексте белгіленген тәртіппен және талаптармен барлауға немесе өндіруге арналған бүкіл учаскені қайтару арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды мерзімінен бұрын тоқтатуға; 6) барлау кезеңі ішінде және Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, аумақта көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізуге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|