Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесінің осы басылымы (бұдан әрі - Мемтізбе) 13.07.1999 ж. № 422-2 «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 8.02.2003 ж. № 385-ІІҚазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 25.02.2010 жылғы № 118 «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бекітілген бұйрығымен сәйкес дайындалған. Мемтізбенің құрамында Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған Қазақстан Республикасының сорттық ресурстары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 30.06.2009 ж., № 434 бұйрығы және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің 2379 сорттары мен будандары ұсынылады. 2019 жылға мемтізбеге 111 жаңа сорттары мен будандары енгізіліп, 28 сорттар мен будандардың пайдалану облысы кеңейтілген. Мемтізбеге сорттарды енгізу және одан шығаруды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) ұсынады, ал өзгерістерді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді. Барлық өсімдіктердің туыстары және түрлері бойынша сорттар мен будандардың пайдалануға ұсынылуы республика облыстары көлемінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|