ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.09.04. № 131/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде өтінімді одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тартады. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты - 15 (он бес) минут; 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|