Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелерін, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 594-құжат): тақырыбындағы және 1-тармақтағы «, аудиторлық ұйымдардың» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелерінде, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда: тақырыбындағы «, аудиторлық ұйымдардың» деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақ алынып тасталсын; 2) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде: 24-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|