Осы редакция 2017 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына 5-қосымша
Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің
1. Жалпы ережелер
1. Осы Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі -Үлгілік қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5- бабының 44-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жатын орынды бере отырып жалпы орта білім алуды қамтамасыз етеді. 2. Интернаттық білім беру ұйымдары мынадай түрлерден құрылады: 1) жалпы үлгідегі: мектеп-интернат - аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алуын қамтамсыз етеді; әскери мектеп-интернат - жалпы орта білім алуды және тереңдетілген әскер қатарына шақыруға дейінгі және физикалық дайындығының қосымша білім беру бағдарламаларын, білім берудің кейінгі деңгейлерінде әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамсыз етеді; жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат - тиісті білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді; тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық) - білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын жинақты мектептер оқушыларының сапалы білім алуын қолжеткізуді қамтамасыз етеді; көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат - мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балалардың, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалардың, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек беріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалардың орта білім алуын қамтамасыз етеді; 2) арнайы үлгідегі: санаторийлік мектеп-интернат - белгіленген режимді сақтаумен қоса жалпы орта білім алуды, емдеуді, медициналық оңалту мен демалуды, емдеу-профилактикалық туберкулезға қарсы іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|