Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 123 бұйрығы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

 «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 123 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпанындағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларында:

1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабына сәйкес әзірленген.

2. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыру кезінде ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін пайдаланады. Бұл ретте фискалдық деректер операторы мынадай міндеттерді:

1) салық төлеушілерден ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды;

2) ақшалай есеп айырысулар туралы алынған мәліметтерді өзінің электрондық тасығыштарында сақтауды;

3) жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша жедел режимде күн сайын оны алған сәттен бастап 1 (бір) сағаттан кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді жүзеге асырады.»;

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг