Осы редакция 2022 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 72-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 73-қосымша
«Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (2020.20.12. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған (декларацияны) (920.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және бірыңғай жер салығын (бұдан әрі - БЖС), төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерін есептеуге арналған «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация» салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жасайды. ҚР Қаржы министрінің 2020.20.12. № 1214 бұйрығымен 1-1-қосымшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Осы Қағида 2020 жылғы салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады. 2. Декларация декларацияның өзінен (920.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (920.01-ден 920.05-ке дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|