|
|
|
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы (2020.05.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1239 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.23.08. № 825 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.01. № 22 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.05.02. № 37 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда түрлері туралы конвенция (бұдан әрі - Конвенция) бойынша Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган болып тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі депозитарийді - Швейцария Конференциялық Үкіметін Қазақстан Республикасында Әкімшілік органның тағайындалғаны туралы хабардар етсін. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1239 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.23.08. № 825 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.05.02. № 37 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін: 1) жануарлардың жер бетіндегі түрлері мен құстар мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 2) балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша - «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми ұйымдар болып бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |