|
Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы (2021.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді. ҚР Жоғарғы Сотының 2021.30.09. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Алименттерді өндіріп алу жөніндегі дауларды қараған кезде соттар Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі - Конституция), «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін (бұдан әрі - АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі - ӘРПК) және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Алименттік міндеттемелердің туындау және олардың тоқтатылу негіздері, сондай-ақ алимент алуға құқығы бар адамдардың және оларды төлеуге міндетті адамдардың тізбесі, алименттерді төлеу және өндіріп алу тәртібі, алименттік міндеттемелерді белгілеумен және орындаумен байланысты өзге де қатынастар Кодекстің 5-бөлімімен реттеледі. 2. АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әке болуды анықтаумен байланысты алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюлар және алименттердің мөлшерін азайту туралы талап қоюлар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда қаралуға және шешілуге жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|